Euronews қазақ тілінде халықаралық жаңалықтар тарата бастайды

фото: ОКҚ

Euronews – әлемнің жетекші ақпараттық телеарналардың бірі. Телеарна алғаш рет Орталық Азияда қазақ тілінде хабар таратуды бастайды.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов хабарлады.

«Қазіргі таңда Euronews Қазақстан аумағында орыс тілінде хабар таратады. Осы сәттен бастап енді интернет арнасында қазақ тіліндегі сұхбаттары, шығарылымдары болады. Бүгін біз отандық медиа саласы мен мемлекеттік тілдің дамуы үшін маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Бұл – шын мәнінде тарихи кезең», - деді спикер баспасөз конференциясында.