Есімдер әлеуметтік желіде өткен байқау нәтижесінде таңдалды. Тұрғындар 300-ден астам ұсыныс жолдап, дауыс беру қорытындысында көпшілікке «Арыстан патша» мультфильмінен таныс атаулар жеңіске жетті.
Қазір шөнжіктердің жағдайы жақсы. Олар анасымен бірге өсіп, күн сайын күшейіп келеді. Болашақта олардың бірін Қарағандыда қалдыру, ал екіншісін басқа хайуанаттар бағымен алмастыру жоспарланған.
Амур жолбарысы – Қызыл кітапқа енген сирек жануар. Мамандар мұндай төлдердің дүниеге келуі түрдің санын сақтауға үлкен үлес қосатынын айтады.