Өгей әкесін пышақтап өлтірген

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2026

Алматыда ер адам 59 жастағы өгей әкесін пышақтап өлтірді. Оқиға Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде 34 жастағы ер адам өгей әкесіне ас үй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Күдіктінің айтуынша, жанжал анасына қатысты кикілжіңнен кейін басталған. Дәрігерлер ер адамды аман алып қалуға тырысқанымен, көп қан жоғалтуына байланысты өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, күдікті ізін суытпай жатып ұсталды. Қазіргі таңда ол болған оқиғаның толық мән-жайын айтып беруде. Оның сөзіне сенетін болсақ, бұл қылмысқа ол өзінің анасын жақтау үшін барған.