Атырауда жол апатынан 6 жолаушы жарақат алды

Атырау-Ақтөбе тас жолында  жол апаты болды. Көліктегі  6 жолаушы  түрлі жарақатпен облыстық  ауруханаға жеткізілген. Арасында зейнеткерлер бар. Оқиға республикалық  жолдың 582-315 шақырымында болған.  Соқтығысқан Toyota Alphard және Volkswagen Polo  көліктері аударылып  қалған.

ӘДІЛБЕК ШАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.  Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі.