Алматыдағы Рысқұлов даңғылында азаматтар заңсыз түнгі автожарыс ұйымдастырды. Полицияның мәліметінше, бірнеше жүргізуші жоғары жылдамдықпен жарысып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген. Патрульдік полиция көліктерді Рысқұлов даңғылының Құдерин көшесі маңында тоқтатты. Нәтижесінде 10 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, апаттық жағдай туғызғаны және маневр жасау талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Нәтижесінде әр құқық бұзушыға кем дегенде 2-3 хаттама толтырылды. Айыппұл мөлшері кем дегенде 80-90 мың теңгені құрап жатыр. Барлық автокөліктер айып тұрағына тоғытылды. Бұл азаматтар орташа жасы 25-28 жас арасында.