Алматы облысындағы Көлсай көлдерінде 16 жастағы жасөспірімді жылан шақты

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2026

Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында 16 жастағы бойжеткенді жылан шақты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жедел құтқару жасағы жасөспірімге алғашқы көмек көрсетіп, кейін оны қызметтік көлікпен медициналық мекемеге жеткізді. Ведомствоның ескертуінше, жаз мезгілінде жыландардың белсенділігі артады. Осыған байланысты демалушыларға белгіленген бағыттан шықпау, айналаны мұқият тексеру және жыландарға жақындамау ұсынылады.