Қазақстан үшін АЭС салу стратегиялық қажеттілікке айналды

Әлем «Электр ғасырына» қадам басты. Бұл туралы Bloomberg-тің жаңа есебінде айтылды. Жасанды интеллект, дата-орталықтар және цифрландырудың кесірінен жаһандық электр энергиясына деген сұраныс 2035 жылға қарай шамамен отыз пайыз өспек. Бүгінде әлемдік инвестиция нарығында да технологиядан кейінгі ең қымбат сектор, энергетика болып тұр. Ал сарапшылар тек күн мен желге сеніп отыру үлкен тәуекел екенін ескертеді. Себебі зауыттар мен компьютерлік жүйелер ауа райына қарамастан, тәулік бойы үзіліссіз тоқ алуы тиіс. Сондықтан Қазақстан үшін АЭС салу және көмір жылу электр орталығын жаңғырту уақыт күттірмейтін, стратегиялық шешім дейді олар.

ДАНИЯР АШИМОВ, ҚР АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІНІҢ ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тек бір энергия көзіне тәуелді болған Қазақстанға жақпайды. Себебі бізде ауа-райы мезгіліміз кейбір жерде ыстық, кей жерде суық. Соған қарата бізде базалық қызмет - энергия көзі керек. Өңдеу орталықтарын салып отырмыз, цифрландыру мақсатымыз бар, оның бәріне қуат керек Энергия дейміз.