Конституциялық реформалар саяси жауапкершілікті күшейтті

  • AstanaTV
  • 07 шілде 2026

Азаматтардың саяси үдерістерге белсенді қатысуына жол ашу - конституциялық реформалардың маңызды бағыттарының бірі. Сарапшылардың айтуынша, Ата заңға енгізілген өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, саяси партиялардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде елді басқару ісіне азаматтардың кеңінен араласуына және демократиялық институттардың дамуына ықпал етеді.

ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Енді қарапайым халық бүгінгі таңда саяси үрдістерге өз үлесін қосады. Біз енді білеміз Құрылтай саяси партиялардың тізімінен құралады. Сондықтан қоғамда өзін белсенді деп санайтын, саяси құқықтық тәжірибесі бар адамдар енді партияларды таңдай бастайды. Өйткені, Бүгінгі таңдағы мемлекеттік жауапкершілік мемлекелет басшысының ғана мойнында емес. Болашақта саяси партиялардың да жауапкершілігінде болады.