Қазақстанға 500 млн теңгенің вейпін заңсыз әкелмек болғандар ұсталды

Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Қазақстандық шекарашылар ел аумағына ірі көлемде вейп өнімдерін заңсыз кіргізу әрекетінің жолын кесті.

29 маусымда ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде жүк көлігі тексерілген.

 

Тексеру барысында көлік тіркемесіндегі басқа жүктердің арасынан 27 624 дана вейп анықталды.

Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген тауардың құны шамамен 500 млн теңгені құрайды. Аталған дерек бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жіберілді.