Ақтөбе облысында полицейлер киік мүйізі мен ұшасын тәркіледі

Polisia.kz

Ақтөбе облысында полицейлер тіркелмеген қару мен киікке қатысты заңсыз заттай айғақтарды тәркіледі.

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерінің қатысуымен Ырғыз ауылындағы жергілікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізді. Тінту барысында металл сейфтен тіркелмеген ИЖ-12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы, 56 дана оқ-дәрі, 12 дана киіктің мүйізі және 2 киіктің ұшасы табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция департаменті тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау, сондай-ақ мемлекет қорғауындағы жануарларды заңсыз аулау және сақтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.