Алматыда ер адамды автобус қағып кетті

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2026

Алматыда жүргіншілер жолағына жүгіріп шыққан ер адамды автобус қағып кетті.

№99 бағыттағы қоғамдық көлік Саин даңғылымен келе жатқан. Жүргізуші жаяу жүргіншілер өткеліне кенет жүгіріп шыққан 2 адамға назар аударып, үшінші жаяу жүргіншіні байқамай қалған көрінеді. Айтуынша, зардап шеккен ер адам мас күйде болған. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілген, қазір   жансақтау бөлімінде.