Атыраудағы атышулы іс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Атырау облысында  аса айуандықпен бір отбасын қырып салды деп күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтың бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты  сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды.  Бұл туралы облыс прокурорының көмекшісі мәлімдеді.   Тергеу барысында Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері  дәлелденбеген. Айта кетейік, Индонезияның  Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған соң Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева қатысты «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған еді. Кейін қылмыс құрамы болмауына байланысты Ақбаяннан  ол айыпты алып тастады.  Бірақ  бұрынғы күйеуінің қылмысын жасырған болуы мүмкін деген күдікке ілініп, іс бөлектенген болатын. Енді Ақбаян Мұқанғалиева ата-анасы мен бауырларын өлтірген  қатыгез жолдасының  әрекеті үшін заң алдында жауап бермейді. Алматы қаласының стационарлық кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысына сәйкес,  Ақбаянға динамикалық бақылау және қосымша дифференциалдық диагностика қажетті анықталған. Қазір ол ем қабылдауда.

АЙСҰЛУ СҮЛЕЙМЕН, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Тергеп-тексеру нәтижесімен, Мұқанғалиеваның іс-әрекетінде  ҚК-нің 434-бабының дәлелденбеуіне байланысты  24 маусым 2026 жылы  ҚПК-нәің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру  тоқтатылды.