Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқан 3 адам сотталды

Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқан 3 адам сотталды. Шет аудандық соты осындай үкім шығарды. Күдіктілер мемлекетке 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Қылмысты кездейсоқ, облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін қадағалау жұмысы барысында анықтады. Осыдан кейін тергеп-тексеру кезінде өңірдегі кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы тиісті лицензиясыз темір кенін өндіріп, оны Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып келгені белгілі болды. Қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ жалпы құны 360 миллион теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.