Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын таратқан күдікті ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің 22 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны екені анықталды. Тергеу мәліметінше, ол жасөспіріммен тикток желісі арқылы танысып, кейін байланысын басқа мессенджерде жалғастырған. Қыздың сеніміне кіріп, психологиялық қысым көрсеткен, сондай-ақ 20 мың теңге беремін деп уәде етіп, одан интимдік сипаттағы фото мен бейнематериалдарды алған. Артынша оларды жабық арналарда заңсыз таратып, одан пайда көрген.
ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.