Ұлытауда кәсіпорынның директоры тергеушіге пара беріп жатқан жерінде ұсталды

Ұлытау облысында кәсіпорынның директоры тергеушіге пара беріп жатқан жерінде ұсталды. Бұл азамат бұған дейін алаяқтық жасады деп айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалған көрінеді. Ол істі жаптыру үшін полиция қызметкеріне ақша ұсынады. Алайда тергеуші парадан бас тартып, бұл туралы өз басшылығына хабарлаған. Нәтижесінде кәсіпорын жетекшісі ақшаны беріп жатқан сәтте қылмыс үстінде қолға түсті. Қазір директор уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасуда.