Халықаралық іздеудегі күдікті Оралдан ұсталды. Полициядан жасырынған жігіт шкафқа тығылыпты. Тергеу мәліметіне сүйенсек, ол қайырымдылыққа жиналған 88 миллион теңгені жымқырған. Осыдан кейін оның үстінен аса ірі мөлшерде қаржы ұрлап, алаяқтық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті бір жыл бойы ұстатпай қашып жүріпті. Шкафқа жасырынса да, құқыққорғаушылардан құтыла алмаған азамат енді заң алдында жауап береді.
АЛИМА ҒАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Ұсталған азамат Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.