"Халық кеңесі - қоғамға қажет құрылым",- сарапшы

Халық кеңесі - қоғамға қажет құрылым. Оның құрамына түрлі саяси партиялардың өкілдері, әртүрлі этнос мүшелері және қоғам белсенділері енеді. Ең бастысы – кеңесте көтерілген әрбір мәселе Президенттің тікелей назарында болады. Ұлттық заң ғылымдары академиясының академигі Алуа Ибраеваның айтуынша, Конституцияға енгізілген өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді. Әсіресе, цифрлық алаяқтыққа қатысты нормалардың енгізілуі уақыт талабына сай қабылданған маңызды қадам. Сарапшының пікірінше, мұндай өзгерістер Конституцияның шын мәнінде халықтық Ата заң ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

АЛУА ИБРАЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОРЫ:

Біз қазір цифрлық дәуірде тұрып жатырмыз. Цифрландыру дейміз. Менімше әркім қорғану керек. Жеке деректер деген не адамның жеке басы, адресі барлығы кіреді. Мүлкіде бәрі жеке дерек. Соны қорғау керек. Қазір жаңадан құқықбұзушылықтар көбейіп жатыр. Осының барлығы осы Конституцияда тікелей аталған.