Конституциялық өзгерістер - әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заң үстемдігін нығайтуға негіз болады. Елдегі бұл өзгерістер демократиялық қағидаттардың бекіп, қоғамның жаңғыруына түрткі болады дейді ел тұрғындары.
БЛИЦ:
- Жалпы білім мен ғылымды дамытуға басымдық берген. Яғни, бұл жерде адами капиталға ерекше басымдық берген.
- Мұндай реформалар біздің мемлекетіміздің дамуына үлесін қосуда. Біз алдағы уақытта елге қызмет ету кезінде адал қызмет ету және мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосу.
- Конституция -бұл құжат. Ол құжаттың орындалуына атсалысу үшін әрбір қоғамның мүшесі мүдделі болу керек. Әр адам Конституцияға өзі құрметпен қарайтын болса Конституциямыз өміршең болады және жұмыс істейтін, қоғамға, өмірге лайықты болады.