Шымкентте аптап ыстық басталды

Шымкентте күн күйіп тұр. Шіліңгір шілде келгелі екі аптаға жуық уақыт өткенімен ауа температурасы қатты көтеріле қоймаған еді. Елдегі үшінші мегаполисте аптап ыстық  енді басталғандай. Термометр көрсеткіші бүгін  +38 градусқа дейін көтерілді.  Аптап ыстықтан қорғану үшін көпшілік күндіз көшеге мейлінше шықпауға тырысуда. Ал шаруасы барлар басына бас киіп киіп, қолшатырын ұстап барынша күннен қорғанып әлек. Қазгидромет мамандары ертең бұданда ыстық болады деп ескерту беріп отыр. Яғни, ауа температурасы +40-41 градусқа дейін көтеріледі. Түркістан қаласында да қатты ыстық күтілуде деп отыр. Синоптиктер апта соңына қарай бұдан да жоғарылауы мүмкін екенін айтады. Термометр көрсеткіші 45 градусқа жоғарылайды. Бір апта көлемінде аптап ыстық сақталады деп болжап отыр. Қаланың ыстығынан қашқан жұрт демалыс күндері салқын сая іздеп, таулы аймақтарға ағылатындарын айтады.

ГҮЛМИРА ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Кешелі бері керемет ыстық болып кетті. Тауға барып, бассейнде жатқымыз келіп жатыр. Бірақ болмайды, жаль. Тірліктер, бала-шаға, жұмыс... +Аптаның аяғында солай қарай жүгіреміз, қашамыз. Қатты ыстық болып кетті Шымкент қаласында.

МАТЛЮБА АТАКУЗИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Барынша шляпа киіп жатырмыз, СПФ жағып жатырымық бетімізге дегендей күннен қорғанып жатырмыз барынша. Бір жағынан пайда Д3. Балаларға негізі пайдалы ғой осы. Қазір жаз айында каникул болғаннан кейін шомылады, алаңқайларға барады..