Жұбайынның тыныштығын бұзып, сонымен бірге үнемі қоңырау шалып мазасын алған ер адам қамалды.
Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты қорғау нұсқамасын бұзу фактісі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
2026 жылдың маусымында әйел полицияға қоңырау шалып, оның заңды жұбайы тұрғылықты жеріне келіп, оған бірнеше рет қоңырау шалып, осылайша тыныштығын бұзғанын айтқан. Өз әрекеттерімен ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларынан кейін сол айда берілген қорғау нұсқамасын бұзған.
Кінә тараптардың айғақтарымен, хаттамамен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.
Сот кінәні мойындауын және жасаған ісіне өкініш білдіруін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК 461-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды, - деп хабарлады Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енді.