Қызылжарда бетон зауытында жарылыс болып, бір адам көз жұмды

Қызылжарда бетон зауытында жарылыс болып, бір адам көз жұмды. 51 жастағы оператор қондырғыларды жоспарлы түрде тексеріп жатқан кезде алып цистернадағы май кенеттен өртеніп, жан-жаққа шашылған. Жұмысшының денесі түгел отқа оранды. Оқиға орнына дереу келген жедел жәрдем оны аурухана жеткізіп, бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Науқас денесінің 95 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер бір тәулік бойы барлық ем шараларын қолданғанымен, аман алып қала алмады. Құзырлы органдар аталған факті бойынша іс қозғады, тергеу амалдары басталды.

СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Гашека көшесіндегі асфальт-бетон зауытында битумды балқытуға қолданылатын техникалық май өртенген. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Отты ауыздықтау үшін оқиға орнына дереу 6 техника мен 14 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.