Мәйітті сөмкеге салып қоқысқа тастаған күдікті 15 жылға сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2026

Пышақтап өлтіріп, мәйітті сөмкеге салып, қоқыс жәшігіне апарып тастаған. Ақтөбеде төрт ай бұрын жасалған қылмыс адам өлтіру ісі сотта қаралып жатыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 8 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бірақ айыпталушы тағылған айыпқа келіспейді. Ол бұл әрекетке өзін қорғау үшін барғанын айтуда. Айта кетейік, 62 жастағы жергілікті тұрғын 55 жастағы танысымен спирттік ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал туындап, күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сұғыпты. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Тергеу дерегінше, қылмысты жасыру үшін мәйітті үлкен сөмкеге салып, үш күннен кейін шанамен қоқыс контейнерлерінің жанына апарып тастаған. Денені 12-наурыз күні таңертең аула сыпырушысы тауып, полицияға хабарлапты. Қазір сотта дәлелдер зерттеліп жатыр.

МӘДИНА ТАСМАҒАМБЕТОВА, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:

Аймұқатовтың қылмыстық іс-әркетінің салдарынан жәбірленуші Ермұқатов қаза болған. Сөйтіп, сотталушы Аймұқатов «Адам өлтіру, яғни  басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, яғни ҚР ҚК 99шы бабы, 1ші бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған.