Қосшыдағы балабақшада 3 жасар бүлдіршін ауыр жарақат алды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2026

Үш жасар бүлдіршін мүгедек болып қалуы мүмкін. Қосшы қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде оқыс оқиға болды. Тәрбиеленушілер бір-біріне орындық лақтырып, ол 3 жастағы Айзеренің басына тиген. Соққыдан ауыр бас ми жарақатын алған бүлдіршінге қазір дәрігерлер «эпилепсия» диагнозын қойып отыр. Анасы «сау балам сал болып қала ма» деп дабыл қағуда.

Айзеренің анасының айтуынша, оқиға бес ай бұрын болған. Алайда, іс материалдары «жеткіліксіз» деген сылтаумен бұған дейін екі рет қысқартылыпты.  Қазір баланың талмасы жиі ұстап қалады дейді. Басқа құрдастары сияқты ойнаудан қалған бүлдіршін бүгінде арнайы күтімге мұқтаж.

АЛТЫНАЙ БИКЕМ, АЙЗЕРЕНІҢ АНАСЫ:

Қыз судоргі беріп, отключен болады. Қыз ешнірсені сезбей ес түссіз жатады. Сол арада біз ауруханаға жеткізілеміз. Келесі күні 11-10-да қыз есін жияды. Дәрілердің көмегімен. Жолдасым жұмыссыз, бала қарап отыр. Біз Айзеремен бір емес айына бірнеше рет больницаға жатып қаламыз. Кінәлілер жазасын алсын. Садикті жалплама тексерсін.

Ақмола облыстық полиция департаменті бұл істі үшінші рет қайта қарауға алды. Тиісті медициналық сараптамалар тағайындалған.

ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Балаға дене жарақаты келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндірісте, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ал балабақша жұмысын жалғастыруда. Мұнда 100-ге жуық бала бар. Тәрбиеші Білім басқармасынан тек «сөгіс» алып, орнында қалған. Оқиға кезінде алғашқы көмек көрсететін дәрігер де, көмекшілер де болмапты. Басшылық мұны маман тапшылығымен түсіндірді.

ӘСЕМ БАЛҒАБАЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Біз мойындаймыз ол рас болған нәрсе. Тәрбиеші балаларды қабылдауға кеткен кезде көмекшісі декреттік демалысқа кеткен уақытта орнын алмастыратын адам тауып үлгермедік. Дәрігеріміз жұмыстан шығып кеткен. Тек қана 10 апрель қабылдадық. Енді қазір іс жүріп жатқаннан кейін не тәрбиеші не мен  жұмыстан кеткен жоқпыз. Барлығымыз жұмыстамыз. 

Төрт баланың анасы Алтынай қызының болашағына алаңдап, перзентінің еміне қыруар қаржы мен күш жұмсауда. Айзеренің денсаулығы орнына келер емес.  Ол істің аяқсыз қалмай, кінәлілердің заң алдында қатаң жауап беруін талап етіп отыр.