Трамп: «Иранның көпірлері мен электростанцияларын жарып жіберемін»

АҚШ пен Иран арасындағы соғыс қайта басталды. Түнде Иран Бахрейн мен Кувейтке шабуыл жасаған. Артынша, АҚШ әскері Иранға соққы жасады. Трамп болса, Иранға одан да қатты соққы жасаймын, - деп қорқытты. Айтпақшы, АҚШ Президенті Зеленскиймен кездесті. Осы жолы Украина басшысы үшін, әңгіме жақсы өрбіді. Трамп Украина қорғанысына қажетті көмекті көрсететінін жеткізді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Иран телеарналары соғыстың бірінші күні 28-і ақпанда Иран аятоллсының резиденциясына жасалған шабуылының салдарын көрсетті. Естеріңізге сала кетсек, күні кеше жерленген Али Хаменеи осы соққы нәтижесінде қаза тапқан еді. Бірақ, артынша, Иран Бахрейн мен Кувейтке осымен 4-і күн қатарынан шабуыл жасады. АҚШ әскері де таса қалмай, қарымта қайтарды. Трамп болса, жағдай осылай жалғаса берсе, Иранға бас көтерместей соққы жасайтынын жеткізді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен әлі Иранға толыққанды шабуыл жасамадым. Олар, бұл туралы білмейтін болса керек. Соның өзінде олардың басшыларының бірінші легі, одан кейін екінші легін өлтірдік. Бірақ, үшінші лекке сабақ болмаған сияқты. Мен Ирандағы бар көпірлерді және электростанцияларды жарып жіберсем не істейді? Дым да істей алмай қалады. Жақсылықты түсінбейді екен.

Иран әрекеттерін Режеп Тайып Ердоған да сынға алды. Анкарада НАТО саммитін өткізіп жатқан Түркия Президентінің айтуынша, бейбіт келісімнен кейін, бұндай әрекетке бару – нағыз бассыздық.

РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүкіл әлемнің саудасының күре тамырларының бірі – Ормуз бұғазын миналау – өте жауапсыз қадам. Бейбітшілікті орнатумен қатар, өзге ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету менің досым, Президент Трампқа жүктеліп отыр. Бұл ауыртпалықтың сәл де болса бөлігін өз мойныма алып, миналардан тазартуға өз үлесімді қосуға әзірмін.

Трамп Зеленскийді Путинмен шатастырды. Қос басшы ақыры кездесіп, біраз уағдаластыққаа келді. Алайда, артынша Трамп журналистерден: «Путинге сұрақтарың бар ма», - деп тура жанында отырған Украина Президентін абдыратты. Десе де, Украина үшін қуанышты жаңалықтарын жеткізді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен кейбір қызық мәліметтерді сіздерден біліп отырмын. АҚШ Украинаға Пэтриот кешендерін көптеп сатады, - дейді. Бірақ, мен бұның басқа шешімін таптым. Ол кәсіпорынның лицезнияларын Украинаға беріп, олар өздері әуе қорғанысы кешендерін де, снарядтарды да өндіретіндей жағдай жасаймыз. Пэтриот кешенін шығаратын компания бұл туралы білмейді. Алайда, ол проблема емес.

Оңшы саясаткер Марин Ле Пен сотталса да, Президенттік сайлауға өзін ұсынып, үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Айта кетейік, шетелден сайлауалды науқанға ақша тартып, 5 жылға сотталған оңшыл Ле Пен осымен 3 рет бақ сынап көрмек.