"Преамбула тек кіріспе мәтін емес, мемлекеттің даму бағыты", - саясаттанушы

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2026

Ата заңның Преамбуласы Конституцияның өзегі саналады. Онда халықтың тарихи жауапкершілігі, тәуелсіздікті сақтау, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту сияқты басты құндылықтар көрініс тапқан. Сарапшылардың пікірінше, Преамбула тек кіріспе мәтін емес, мемлекеттің даму бағытын, азамат пен биліктің ортақ мұратын білдіретін саяси-құқықтық ұстаным. 

БАҚЫТЖАН БҰҚАРБАЙ, САЯСАТТАНУШЫ:

Преамбуламыз осы Конституцияда өте қатты күшейді деп айта аламын. Біз тамырымыз тереңге жайылғанын көрсеттік. Бұл өте маңызды. Өйткені бұл мемлекеттігімізді бұрыннан жасап келе жатқанымызды көрсетті. Маған ұнағаны. Екінші мәселе табиғатқа көзқарас. Табиғатты аялайық деген. Меніңше бүкіл әлемдегі Конституцияны зерттеген жоқпын. Бірақ меніңше ол прецедент болатын жағдай. Өйткені көптеген елдердің Конституциясында ондай нәрсе жоқ. Және бәлкім біздің Конституциямыз бірінші болса, біз жақсы үлгі көрсетіп тұрмыз.