"Халықтық Конституция құқықтық құжат қана емес, бұл -елдің ертеңіне жасалған маңызды қадам",- тұрғын

Халықтық Конституция құқықтық құжат қана емес, бұл -елдің ертеңіне жасалған маңызды қадам. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақтылап, білім мен ғылымға басымдық беріп, цифрлық қауіпсіздік секілді жаңа нормалар қоғамдық сұраныстарға жауап береді. Тұрғындар осылай дейді.

БЛИЦ:

ШЫМКЕНТ

- Құрылтай біздің өте маңызды тарихи атау дұрыс болды. Сонымен қатар Қазақстан халқы кеңесі деген жаңа конституциялық мәртебесі бар институт қабылданды. Бұл деген сөз азаматтық қоғамның халықтың сол мемлекеттік басқарушылыққа , заң шығармашылыққа және де осы қоғамдық қатынастарды реттеуге оларда өз үлесін қоса алады. Өздерінің ұсыныстарын пікірін айта алады. тіпті республика референдум өткізу бастамасын көтерді. Бұл деген сөз халықтың жалпы мемлекеттегі қатынастарға қатысуға үлкен ықпал жасайтын ережелер деп айтуға болады.

- Ғалымдарды өздеріңіз жақсы білесіздер, ғылыми институттардың , ғылыми орталықтардың жоғары оқу орындардың ғылыми әлеуетін арттыру, олардың жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау,  оларға баспана беру, олардың ғылыми шығармашылық техникалық бағыттарына жаңағыдай бір қолдау білдіру біздің Мемлекет басшысының негізгі басым бағыттарының бірі болатын. Дәл осы басым бағыттар Конституциямызда Ата заңымызда көрініс тапқаны бұл шын мәнінде баршамызды қуантқаны ол мақтанышпен айтатын дүние.

- Қуантатын нәрсе ол ОТБАСЫ НЕКЕ заңы. Ол жердегі мынау біздің өзіміздің дәстүрімізге сәйкес еркек пен әйелдің некесі ғана мойындалатыны ол көңіліме қуантады. Өзіміздің салт-дәстүрімізге де, дінімізге де, өмірлік ұстанымымызға да  өте үйлесімді келіп тұр. Оны біз заң аясында бекітіп алғанымыз біздің яғни ұлттық дәстүрлеріміз сақталып, отбасы институтын аман алып қалдық десек те болады.

АҚТӨБЕ

- Кез-келген өзгеріс мына халыққа, халықтың өміріне оң нәтиже берсе. Жаңағы ...еліміз көркейіп, әділ шешімдер қабылданса, қабылданады деп ойлаймын. Осы істеліп жатқан іс болайын деп жатқан Құрылтай оң нәтиже береді деп ойлаймын.

- Алдағы Құрылтай сайлауынан үлкен үміт күтемін және де елдің қамын ойлайтын, елдің сөзін сөйлейтін сондай жақсы азаматтар келеді деп үміттенемін.