Гарвард, Оксфорд және Кембридж шахматшылары Қазақстанға келеді

Фото: pixabay

Алматыда 3-10 тамыз аралығында жылдың ең ауқымды халықаралық жарыстарының бірі – FIDE World University Team Chess Championship турнирінің финалы өтеді.

Шараға Америка, Еуропа, Африка және Азия елдерінің үздік студенттік командалары қатысады. Финалдық кезеңге қатысушылар қатарында Гарвард, Оксфорд, Кембридж және Пекин университеттері бар.

Қазақстан намысын жарыста әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ ұлттық спорт университеті қорғайды.