Венесуэладағы жер сілкінісі: Зардап шеккендер саны артты

Фото: РИА Новости

Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністері салдарынан 3 899 адам қаза тауып, 16 740 адам жарақат алған.

Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеме жасаған.

Табиғи апаттан зардап шеккен 86 794 отбасыға гуманитарлық көмек жеткізіліп, 16 892 отбасы уақытша орналастыру лагерлеріне көшірілген.

Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, елде жағдай әлі де күрделі. Апат салдарын жою үшін 24 миллион доллар қажет болса, қазіргі таңда оның 9 миллион доллары ғана жиналған. Негізгі қауіптер қатарында медициналық көмектің үзілуі, ауызсу тапшылығы және уақытша паналау орындарының шамадан тыс толуы аталған.