SCAT Airlines Жезқазған мен Қарағанды қалалары арасында жаңа әуе бағытын іске қосты. Алғашқы рейс сәтті орындалды.
Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады. Ұшу ұзақтығы шамамен 1 сағат, ал рейстер Bombardier CRJ-200 әуе кемелерімен орындалады.