Оралда патрульдік полицейлер өрт кезінде 15 тұрғынды құтқарды

Фото: polisia.kz

Орал қаласындағы Самал көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша баспалдақ алаңында жеке заттар жанған.

Өрт туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына алғашқылардың бірі болып патрульдік полиция инспекторлары Азамат Тілеков пен Әлихан Аманғалиев жетті. Олар төтенше жағдайлар қызметі келгенге дейін тұрғындарды жедел эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды.

Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында 15 тұрғын, оның ішінде үш бала құтқарылды. Сондай-ақ бір адам қауіпсіз жерге шығарылып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Кейін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті жедел оқшаулап, толықтай сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі батыл әрекетінің нәтижесінде тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, адам шығынына жол берілмеді