+45 градусқа дейін күн ысиды

фото: pixabay

«Қазгидромет» синоптиктері 11, 12 және 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Ал еліміздің батыс өңірлерінде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Сонымен қатар шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашын күтілмейді.

Жауын-шашынға қарамастан, Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы еліміздің көптеген аймағында +33…+40 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +38…+45 градусқа дейін ысиды.

Бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылдың шілде айы құбылмалы болатынын хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, аптап ыстық кезеңдері нөсер жаңбырмен, найзағаймен, екпінді желмен және шаңды дауылдармен алмасып отырады. Ал еліміздің оңтүстік өңірлерінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін жетуі мүмкін.