Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: Қазақстанда 265 мың қыз бала вакцина алды

Фото: AI / El.kz

Қазақстанда АПВ-ға (адам папиллома вирусы) қарсы тегін вакцинациялау жалғасуда. Қазіргі таңда 11–13 жас аралығындағы 265 мыңнан астам қыз бала бұл екпені салдырды.

Ал 14–17 жастағы қыздар вакцинаны өз еркімен салдыра алады.

АПВ - жатыр мойны обырының (рагының) туындауына әсер ететін басты себептердің бірі. Вакцинация вирус жұққанға дейін жасалса, өте тиімді болады.

Қазақстанның жекеменшік клиникаларында вакцинаның бір дозасы 90 мыңнан 138 мың теңгеге дейін (192 доллардан 294 долларға дейін) тұрады. Ал тегін вакцинациялау арқылы ата-аналар екі дозадан тұратын толық курс үшін кем дегенде 180 мың теңге (384 доллар) үнемдейді.