«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2026

Саяси аренадағы белсенділік арта түсті. Бүгін елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс үшінші съезі өтті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған мыңнан аса делегат алдағы саяси науқан мен партияның жаңа стратегиялық бағытын айқындау үшін бас қосты. Жиында Құрылтайда Әділет атынан депутат атану мүмкін кандитаттар тізімі жарияланды. Толығырақ Айсәуле Съезбек тарқатады.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Әділет партиясының кезектен тыс III съезі өтті. Саяси ұйым сайлауалды бағдарламасын бекітіп, алдағы Құрылтайға депутаттыққа 186 кандидат ұсынды. Оның 71-і әйел, 115-сі ер адам. Болашақ құрылтайшылардың қатарында ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық сала, мәдениет, журналистика, спорт және азаматтық қоғам өкілдері бар.

ЕРБОЛ ШЫМА, СЪЕЗД ДЕЛЕГАТЫ:

Бұл партияның негізгі ұстанымы, қағидаттары қазіргі заманауи прогрессивті ортада өте маңызды. Өйткені ол партияның ерекшелігі – негізгі беткеұстар азаматтары әр саланың эксперттері. Әсіресе, жас буындарды тартатын ерекшелігі – ол әділетті қоғам қалыптастыру. Оның ішінде жаңа адамдар қалыптастыруда.

Әділет жақтаушылары алдымен партия жарғысына 40 өзгеріс енгізді. Жаңа редакциясының мақсаты – жұмысты қолданыстағы Конституцияға сәйкестендіру.  Бірізді басқару жүйесі енді практикалық қолданысқа ыңғайлы, - десті партияның саяси кеңесі. Партия бағдарласын мемлекеттік аппаратың емес, азаматтардың мүддесіне негізделген жоба деп таныстырды. Құжат 8 бағыт қамтиды.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл бағдарлама мемлекеттің азаматқа не беретіндігі туралы ғана емес, бұл қоғамның да жауапкершілігін анықтайтын құжат. Әділ мемлекет, әділетті қоғамсыз құрылмайды. Заңға бағынатын азаматсыз заң үстемдігі орындай алмайды. Еңбекқор адамсыз қуатты экономика қалыптаспайды. Білімге ұмтылмаған қоғам инновациялық мемлекетке айналмайды. Өз елінің болашағына жауапкершілікпен қарамаған елдің ертеңі  баянды болуы да екіталай. Сондықтан біз қабылдаған бағдарламаның түпкі идеясы мемлекет пен қоғам және жеке азаматтың жаңа үйлесімді серіктестігі.

Делегаттар партия мүшелері төлейтін жарна мөлшерін де бекітті. Ай сайын жұмыс істейтін азаматтар 432, студенттер 43 теңге Әділетке аударады. Зейнеткерлер, декреттегі аналар, мүгедектігі бар қазақстандықтар мен ерекше балалардың ата-аналары мүшелік жарнадан босатылады. Съез барысында партияның орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының жұмысын ширату мәселесі қызу талқыланды. Әсіресе, жастар қанатының белсенділігін арттыру мен құқықтық реформаларды қолдауға басымдық берілді. Делегаттар бір ауыздан алдағы жоспарларды мақұлдап, дауыс берді.