"Конституциялық өзгерістер - мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтетін тетік" - сарапшы

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2026

Ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан Халықтық Конституция мемлекеттің құқықтық жүйесін түбегейлі өзгертпек. Ата заңның бұл нұсқасы ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге және билік институттары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Құжатты талқылау мен қабылдау процесіне бұқара белсенді араласқандықтан, сарапшылар  реформаны қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа серіктестік деп бағалап отыр. Саяси реформалардың негізгі драйверіне айналатын құжат алдағы уақытта әлеуметтік әділдікті орнату мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты кепілі болмақ. Сарапшылар қабылданған өзгерістердің ел болашағы үшін маңызы зор екенін алға тартады.

РИЗЗАТ ТАСЫМ, ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Конституцияның өзі негізгі қоғамдық келісімге айналды. Оның басты ерекшелігі – болашақтағы конституциялық өзгерістердің халықтың еркінсіз қабылдануына жол берілмейді. Бұл – мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтетін тетік.