Ата Заң - құрғақ баптардың жиынтығы емес, әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірі мен болашағын айқындайтын құжат. Онда дәстүрлі отбасы құндылығын қорғаудан бастап, цифрландыруға дейінгі маңызды мәселелер нақты шегеленген.
БЛИЦ:
- 30 бап осы күнге дейін елімізде некеге байланысты нақты түсінік берілмеген осы бапта неке деген ер мен әйелдің арасында деп нақты көрсетілген. Себебі қазіргі таңда елімізде іріткі салатын түрлі топтардың жария қылатын топтар бар. Бұл бап арнайы осы отбасы құндылығын сақтауға үлкен көмегін тигізеді деп есептеймін.
- Жаңа конституцияның басты құндылықтарының бірі бірлік болып табылады. Заңға құрмет, өзара сенім және ортақ жауапкерлішік қоғамның тұрақты дамуы мен әділетті мемлекеттің берік негізін қалайды.
- Жастарды белсенді болуға, білім алуға, адал еңбек етуге және елдің дамуына өз үлесін қосуға үндейді. Әрбір жаңа бастама, әрбір игі ісіміз қазақстанның прогрессіне қосылған үлесі деп белемін. Ал жаңа конституция берік құқықтық негіз болып қала береді.
- Қоқыс тастау, қоқыс жинау қоқыстардың барлығын дұрыс жерге апару ол жай ғана игі іс емес бұдан былау конституциямен қорғалған үлкен бір заңдардың бірі болатын болды. Және де атап өтетін болса цифрландыру. Бұл заман талабы деп санаймын өз басым. Осы нәрселерге өте қатты назар аударып жатқанына шынымен менің көңілімді қатты қуантады.