Жамбыл облысында сәбиін дүниеге әкелген ана көз жұмды. 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, жаны қиналып жан тапсырды. Туыстары дәрігерлерді кінәлайды. Себебі, кесір тілігін жасау үшін ақша сұрап ақыры ішіне инфекция түсірді дейді. Ақ халаттылар алты рет операция жасап, ішкі органдарын алып тастапты. Бақилық болған ана соңғы хатында жолдасына жалынып ауруханадан алып кетуін өтінген.
Бұл марқұмның жазған соңғы хаты. Осыған дейін төрт бала туған ана, бесіншісін босанып бүгін өзі өмірден өтті. Туыстары дәрігерлер кесір тілігін жасаймыз деп ішіне инфекция түсірді деп отыр. Алты рет операция жасап, тіпті ішкі органдарын алып тастаған екен. Құрсағындағы нәрестесін құшағына алалмай 12 күн комада жатып өмірден өтті. Ең сорақысы өмір мен өлім аузында жатқан адамнан ақша сұраған акушерлер оңбайды дейді. Сондықтан жазықтылар тиісті жазасын алсын дейді жақындары.
ЕЛДОС ЕСЕЕВ, ЖОЛДАСЫ:
12 күн болды ешқандай оянған жоқ. Женски жағынан матка соны алып тастады бірінші болып. Содан кейін көк бауырын алды. Одан кейін асқазанына жасады. 5 операция кеше алтыншысын тағы тамағын кесіп, апаратты осы жағына салып отыр. Инфеция кетіп отырғой ішіне, ол неден кеткенін айтпайды бізге.
ДИНА ЕСЕЕВА, ТУЫСЫ:
Бала крупный вес деп 4 бала туған әйелді уски таз деп диагноз қойып кесерваға алып, алып кеткенше ақша сұраған. 30 мың ақша сұраған. Операция жасамай отырған осы жерде врачтар. Бізге хабарласып жыладығой мені жасамай жатыр ақша сұрап жатыр деп. Содан наличка болған өзінде соны бергеннен кейін кесервоға алып кетіп отыр. Әп әдемі өз аяғымен келген абысынымды осындай хәлге жеткізіп отыр.
Дәрігерлер босану кезінде асқыну болды дейді. Бірақ ананың өмірін сақтап қалу үшін барлық қолдан келген амалдарды жасадық деп отыр. Науқастың нақты қандай диагноздан қайтқанын медициналық құпия деп айтпады. Бір анығы ақ халаттылардың ақша сұрау мен медициналық көрсетілген көмек бойынша арнайы комиссия құрылып тексеріс жүргізілмек.
ГҮЛЗАДА ӘШІРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Көрсетілген көмекті бізде медициналық және формацептикалық қызметті бақылау коммитеті бар, сол жерде толық қанды тексеріледі. Денсаулық сақтау басқармасы мен министірліктің бақылауында отыр. Толық диагнозы негізі жалпы медициналық құпияға жатады.
Жамбылда ана өлімі бұл бірінші жағдайы емес. Жыл басында дәл осы перенеталдық орталықта жас келіншектің қанына инфекция түсіп, айға жуық жансақтау бөлімінде жатып қайтыс болған.