Таразда қаланың қақ ортасында 15 жылдан астан тұрған сақалды құрылыс бұзылатын болды. Шаһардың шырайын кетіріп тұрған заңсыз құрылысқа қатысты сот осындай шешім шығарды. Ғимаратты бұзу егесіне жүктелді. Қаржысын өзі шығарады, қоқыстарын тазалап арнайы орынға төгуі тиіс. Бұл үш қабаттан тұратын ғимараттың не құжаты жоқ, рұқсатсыз салынғаны анықталды. Құрылыс жүргізер кезде жол бойынан қашықтықты сақтамай іскер қызыл сызықтан асып салынғаны мәлім болды. Бұған дейін тиісті нұсқамаларды орындамағаны үшін 2 рет айыппұл да салынған екен. Алайда заңсыз ғимараттың қожайыны жер телімін 2011 жылы алған. 5 жыл өткен соң, шаһар билігі жобалық құжаттама әзірлеуге және нысан салуға келісім берген. Бірақ кәсіпкер бұл ережелердің біреуіне пысқырмай, жертөлесімен қоса 3 қабатты ғимаратты заңсыз көтеріп алыпты.
АЛИНА РАЙЫМБАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Сот алқасы бірінші сатыдағы сот істің мән-жайын жан-жақты және объективті түрде зерттеді, материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын дұрыс қолданды деген қорытындыға келді. Істі қарау қорытындысы бойынша Тараз қалалық сотының шешімі өзгеріссіз. Ал апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот актілері заңды күшіне енді.