eFootball Mobile бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды

ҚФФ

Қазақстанның eFootball Mobile бойынша ұлттық құрамасы тарихи жетістікке жетіп, FIFAe Continental Championship Europe турнирінің финалдық кезеңіне шықты.

FIFAe eNations League аясында қазақстандық команда Португалия, Хорватия, Грекия, Босния және Герцеговина, Литва және Швейцария құрамаларын жеңіп, Еуропаның үздік 8 құрамасының қатарына енді.

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 1-6 қыркүйекте Португалияда өтеді. Турнирде әлем чемпионатына берілетін екі жолдама сарапқа салынады.