Алматыда жігітімен жанжалдасқан қыз тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кетті

Фото: pexels

Алматыда көпқабатты үйдің 10-қабатынан құлаған бойжеткен ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Өткен түні Алматының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 20 жастағы бойжеткен оныншы қабаттан құлап кетті. Құлау кезінде ол бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылып, кейін жерге түскен көрінеді. 

— Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр, — делінген Алматы қалалық полициясы хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға алдында бойжеткен мен оның жігіті арасында ұрыс болған. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр.