Айдана Убайдуллақызы айқын басымдықпен жеңіске жетті

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында U19 санатындағы Айдана Убайдуллақызы (80 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді. 

Жартылай финалда отандасымыз Қырғызстан өкілі Мирим Чинбековамен кездесіп, айқын басымдық танытты.

Екінші раундта Айдана қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады.