Қызылжарда 25 жыл бойы түрмеде отырып шыққан сотталушы тағы әйелді зорламақшы болды

Қызылжарда зорлық үшін 25 жыл бойы жазасын өтеген сотталушы түрмеден шыға сала әйелге шабуыл жасаған. 62 жастағы тұрғын осыған дейін 12 қылмыс жасаған.  Қанішер ұзақ жылдарға темір торға тоғытылып, 2024 жылы босап шыққан. Қала сыртындағы бір кәсіпорынға күзетші болып жұмысқа орналасыпты.  Алайда, қылмыскер арам пиғылынан айырылмаса керек. Бірнеше күн бұрын ол саяжайдан үйіне кетіп бара жатқан әйелге шабуылдап, зорламақшы болған.  52 жастағы жәбірленуші оның қолынан босап шығып, дереу полицияға хабарласқан.  Тәртіп сақшылары күдіктіні аталған белгілері бойынша көп ұзамай құрықтады. Енді ол тағы 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

АЗАТ ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жәбірленуші полицияға күдіктінің денесіндегі ерекше белгілерді туралы айтып беріп, біз соған сәйкес қылмыскерді тез арада тауып алдық. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аяқталған соң, бұл іс сотқа жолданады.