Қызылордада 2 қызын көлік қағып кеткен отбасы әділдік іздейді

Қызылордада бір отбасындағы екі қызды көлік қағып кетті.   Ата-анасының айтуынша, 17 маусым күні 2 және 10 жастағы балалар  ауыр жарақат алған. Кішісінің басына ауыр зақым келген, екіншісінің қолы сыныпты.  Алайда, жүргізушінің бейқамдығы жәбірленушілердің көңіліне күдік ұялатып отыр. Ол аздай, тергушілерден де тұшымды жауап ала  алмай отырмыз дейді.

10 жастағы Мумина сіңілісін көтеріп жолдан өтпек болған. Қатты соққының салдарынан өзінің иығы сынып жерге құлаған. Ал 2-дегі  бүлдіршін ұшып көліктің алдыңғы терезесіне басымен соғылыпты. Салдарынан бас сүйегі жарылып, көп қан кетіп жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір жағдайы тұрақталғанымен екеуі де дәрігерлердің қатаң бақылауында.

АЙНҰР МЕКТЕПБЕРГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үлкен қызымда көзін көрсетсем, соққының әсерінен черепной давление бар деді. Сосын қолы әлі ем көп массаж аламыз деді. Ал кішкентайдікі сыртынан не болғанымен, бас ішінде қан бар деді. Ол қан 2 ай бақылаймыз деді. Кетсе кетеді, кетпесе операция жасаймыз деді. Өйткені ол өседі екен киста болып.

2 жастағы Мунираның басына күрделі операция жасалуы мүмкін. Қазір қос қыз да тыныштандыратын, ауырсынуды басатын дәрінің көмегімен отыр дейді анасы. Алайда, жүргізушінің жауапкершіліктен қашқақтап отырғанына қынжылады. Ал әкесі іс сыйырқұйымшақтанып кетеді ма деп күмәнданады.

АЗАМАТ БЕКЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

1 ай болды қазіргі таңда қозғалмай жатқанына. Говд-ға барсам ГАЙ-ға сілтейді, ГАЙ-ға барсам ГОВД-ға сілтейді. Бір сөзбен айтқанда ісім жоқ болып кетеді ма деп уайымдаймын. Жүргізушімен 1 рет сөйлестік келді. Өзінің жағдайын айтты. Менің ешқандай жағдайым келмейді көмектесуге. Сосын ағасы келіп соттасаң соттай бер деді.

Бұл жағдайға қатысты 37 жастағы қала тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оқиға сот сараптамасының қорытындысына сай сараланып, сотқа жолданбақ.   

МАРАТ ӨТЕГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі «Адамдарға денсаулығына ауыр зиян келіп соқтырған әрекет жасау» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп тергелуде. Жүргізуші ішпеген. Арнайы наркологиялық сараптама белгіленген. Қазіргі таңда тергеу туралы міндеттемемен жүр.

Жол көлік оқиғасынан қос бүлдіршін де шошынып қалған.  Балаларының болашағына алаңдаған ата-ана жүргізуші тиісті жазасын алсын деп талап етуде.