Білім грантына өтініш қабылдау басталды

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2026

Елімізде жаңа оқу жылына арналған білім беру гранттары конкурсына құжат қабылдау басталды. Биыл бакалавриатқа 75 мың 371 грант бөлінген. Талапкерлер өтініштерін 20 шілдеге дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары немесе eGov порталы арқылы онлайн тапсыра алады. Грантқа қатысу үшін әр білім беру бағыты бойынша белгіленген шекті балл сақталады. Педагогикалық ғылымдар мен құқыққа - кемінде 75, денсаулық сақтауға - 70, ауыл шаруашылығы мен ветеринария бағыттарына - 50 балл қажет. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ең төменгі шекті балл - 65, қалған жоғары оқу орындарына - 50 балл. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.