Елімізде 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынбақ

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2026

Енді балаңыз 16 жасқа толмаса инстаграм мен фейзбук, тредс пен тиктоктан қол үзуі мүмкін. Бұған себеп те жоқ емес. Жаңа заманның дертіне айналған кибербуллинг, кибералаяқтықтың өршіп тұрғаны ортасы осы әлем желі. Ал ол процесте баланың болуы жағдайды одан әрі ушықтыратыны анық.

Иә, енді балаңыз 16-ға толғанда төлқұжатпен бірге, желіге кіру құжатын да алуы мүмкін. Бүлдіршін қолына телефон ұстаған сәттен бастап оның виртуалды әлемге де есігі ашылады. Бірақ жаһандық желінің зияны жетерлік.

ЖҰЛДЫЗ КӘРІМ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Кез-келген сын айтқан кезде жалпы резонанстық оқиға әсіресе әлеуметтік желілерде шыққан кезде бұл топтастыруға яғни мобилизацияға ұшыратады. Әдетте, бұл сын айту тек қателік жасаған тұлғаға емес бүкіл қоғамдық ортаға конфликтогендік поенциалын алып келеді.

Мұндай тәжірибе әлемнің бірқатар елінде қолға алынған. Мәселен, Австралия 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізу туралы заң қабылдады. Францияда 15 жасқа дейінгі балалардың аккаунт ашуы үшін ата-анасының келісімі қажет. Ал Малайзияда  балалардың желідегі қауіпсіздігін күшейту үшін электронды платформа енгізілген.

НАЗЫМ ИБРАГИМҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

16 жасқа дейін баланың психикасы оның эмоционалдық дамуы бірден байқалмайды. Яғни 16 жасқа қарай бала өзінің көзқарастары қалыптаса бастайды. Дұрыс шешім қабылдауға, эмоциясын реттеуге деген қажетті дүниелері қалыптасады. Бала белгілі бір контентті видеоны көру арқылы сол әлеуметтік желіге тәуелді болады. Оған қайта қайта оралуына видеолар әсер етуі мүмкін.

Бүгінде елде 14 миллион қазақстандық әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Оның басым бөлігі Истаграм қолданушылары. бас аяғы 12 миллионнан асады. 2024 жылғы деректер бойынша желінің 60 пайызы 35 жастан төмен. TikTok- қа тіркелгендердің де қарасы қалың. Қосымшада 14 миллионнан астам қазақстандық аккаунт тіркелген. Олар 16-25 жас аралығындағы оқырмандар. Telegram да қарқыны қатты. Платформаға  12 миллионнан астам адам жазылған.

ӘДЕМІ СЕМБИНОВА, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Ол бәрібір де айналып кет әлеуметтік желіге кіреді. Ата анасының , туысының акккаунты болсын. Немесе жасын жасыру арқылы. Ол үшін балаға тек қана шектеу ғана қоймай ата ана тарапынан да, үйде де мектепке болсын сауатты түрде жеткізуіміз керек.

Бірі үшін әлеуметтік желі білім мен мүмкіндік алаңы болса, енді бірі қауіптің көзі дейді. Сондықтан балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінде жай ғана ата-ананың емес, тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігіне айналып отыр.