Құрылтайға 7 партия 550 кандидат ұсынды

Құрылтай сайлауына дайындық қызу.  Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес,  саяси науқанға қатысатын 7 саяси партия кандидаттар тізімін ресми түрде ұсынды. 145 депутаттың орнына 550 адам бақ сынамақ.  Соның ішінде ең көп үміткермен көш бастап тұрған -  Әділет партиясы.  Саяси ұйым  186 адамды бәйгеге қосты.  Екінші орында 76 адаммен Respublika, үшінші орында 72 адаммен Қазақстан халық партиясы тұр. Ауыл партиясы 69 адамнан үміт күтеді. Ақ жолдың атынан 63, Байтақтан 51, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан 33 үміткер ұсынылды. Партиялар әйелдер мен жастар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар  үшін бекітілген квотаны сақтауға баса назар аударды. Тізімге белгілі қоғам белсенділері, экономистер, медиа мамандары, ғалымдар, өнер иелері  мен бұған дейін заң шығарушы органдарда тәжірибесі бар саясаткерлер енген.