Рәміздерді қолданудың жаңа талаптары түсіндірілді

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2026

Елордада «Рәміздер рухы - Конституция күші» тақырыбында республикалық конференция өтті. Жиында мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, оларды қолданудың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар 2027 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 35 жылдығын мерекелеу және ұйымдастыру тұжырымдамасын қарастырды. Басқосу мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мәдениетін нығайтуға және оларды қолданудың бірыңғай талаптарын қалыптастыруға арналды.

ӘДІЛҚАЙЫР МЫРЗАХАНОВ, «ГЕРАЛЬДИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» РММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жаңадан енгізілген мемлекеттік рәміздерге қатысты өзгертулер мен толықтыруларды ашық түсіндіретін боламыз. Яғни қазір қоғам тарапынан кейбір мәселелерді дұрыс түсінбей жатқаны немесе кері шығарып жатқан дүниелер көп кездесіп жатыр. Солардың алдын алу, болдырмау мақсатында өңірдегі әріптестерімізге түсіндірме жұмысын жүргіземіз.