Елордада өткен «BaiQymyz-2026» халықаралық фестиваліне 70 мыңнан астам қонақ келіп, екі күнде 56 тонна ұлттық сусын ішілді. Байқау аясында емдік, халық таңдауы және дәстүрлі бағыттар бойынша үздіктер анықталды. Ұлттық брендімізді ұлықтаған дүбірлі додада бас жүлде Ақмола облысы, Бурабай ауданының «Qymyznai Qymyzy» өнімі қанжығасына байлады. Ал фестиваль авторы қатысушыларды таңдау оңайға түспегенін жеткізді.
ЖҰМАЖАН ҚАЛТАЕВ, «BAIQYMYZ» ГАСТРОФЕСТИВАЛІНІҢ АВТОРЫ:
Бізге 90 өтініш түсті. Оның ішінде іріктелгені, біз ішіндегі шаруашылықтарды тексердік. Бұл жерде ең үлкен шаруашылықтар. Тазалығына қарадық. Сосын лабораториядан өткені осы 59 қатысушы болды.