Ақтөбеде Ауған соғысы ардагерлері арасында волейболдан X республикалық турнир өтті

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2026

Ақтөбеде Ауған соғысы ардагерлері арасында волейболдан 10 шы республикалық турнир өтті. Дәстүрлі жарысқа еліміздің 12 өңірінен 120-ға жуық спортшы қатысты. Мақсат-жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын насихаттау.

Биыл мерейтойлық турнирді өткізу құрметі Ақтөбеге бұйырды. Жарыс алдында қатысушылар интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіш пен Талғат Бигелдиновтің бюстіне гүл шоқтарын қойып, ерлердің рухына тағзым етті.

БАҚЫТЖАН ЕРТАЕВ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ,ГЕНЕРАЛ-ЛЕЙТЕНАНТ:

Осы егемендікке жеттік пе, сол егемендікті сақтайық. Елімі, бүкіл әлем бізге қарап сүйсінеді. Сол жақсылықты жіберіп қоймайық.Артымызда тұрған жастар-сендер, болашақ сендердің қолдарыңызда.

Ауған соғысының ардагерлері бұл спорттық шараның ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, елге қызмет етудің маңызын дәріптеуге бағытталғанын айтады.

МАРАТ ҚОЙЛЫБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІ» БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кешегі өршіндей болған 19-17 дегі, 20 дағы балалар бүгін ата болып, әке болған жасқа жетті. Ең үлкеніміз 70 тен асса, ең кішілеріміз 60 қа тақап қалдық. Біздің еншімізде мынау Тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры биіктен болу үшін, тәуелсіз мемлекеттің көркейіп, өсуі үшін жастардың бойына патриоттық тәрбиені ұляту.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар кубоктармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.