Нвйзағай ойнап, жел күшейеді: ауа райы өзгереді

фото: pixabay

15 -16 шілдеде еліміздің солтүстігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін.

Солтүстікте күндіз ауа температурасы +25…+30°C-қа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте аптап ыстық әлі де басылар емес. «Қазгидромет» мәліметінше, ауа температурасы +40…+45°C-қа дейін жетеді.Шығыста +33…+38°C ыстық сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.