Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: NEGE.kz

Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толықтай жабылады.

 Бұл аумақты Сәбденов көшесі арқылы айналып өтуге болады, — делінген хабарламада.

Аталған учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Әкімдік өкілдері жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.